Мектептің құрылу тарихы
Леонидовка орта мектебінің құрылған жылы 1936
1936- жыл (бастауыш мектеп) 50-оқушы
1950- жыл (жеті жылдық мектеп) 189-қушы
1963 -жыл (сегіз жылдық мектеп) 260-оқушы
1971- жыл (орта мектеп) 310-оқушы
Мектептің құрылу тарихы
1936 жылы желтоқсан айында алғашқы мектеп құрылды. Бұл бастауыш мектептің 3 сыныбы неміс тілінде, 1 сынып орыс тілді болды. Неміс тілді болуының себебі сол кездегі жергілікті тұрғындардың көп бөлігі неміс халқынан тұрды. Мектептің алғашқы меңгерушісі Левицкий болды. Балаларды екі мұғалім: Вольф София мен Пауль Р.А оқытты. Мектептің ғимараты екі сынып кабинетімен шағын ғана мұғалімдер бөлмесінен тұрды. Мектеп жабдықтары мүлде болмаған. Ауыл тұрғындарынан орындықтар мен үстелдерді жалға алынды. Оқулықтарды да жоқ десек те болады, болғанның өзінде де бір немесе екі кітап бір сыныпта ғана болды. Мектептің сәкісі саз балшықтан, қабырғалары сабаннан, төбесі де саз балшықтан салынған. Мұндай мектептің барына да балалар өте қуанышты еді. Осындай бастауыш мектеп 1945 жылға дейін жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы жылдары балаларға өте ауыр соқты. Ерте көктемнен күздің қара суықтарында 8-12 жастағы балалар жер жырту, егін егу, арамшөпті отау, бидай шанақтарын жинаумен айналысты. Күздің күні жиналған бидайды элеваторға өгіз жеккен арбамен апаруға тура келді, өйткені арбаға жегетін жылқы да болмады. Күндік табыстары 100гр қара нан болды, тамақ та жетіспейтін.
Қыс. Қыс келгенде сол кездегі жағдай одан бетер қиын болатын. Ағаштан жасалған аяқ-киімдер жалаң аяқ киюге өте қолайсыз еді. Бірақ мұндай аяқ –киім балалар үшін шаңғы да, коньки орнына жүретін. Қағаз бен сиямен де қиындау болды. Табылған кез-келген қағазға немесе газеттің шетіне жазатын.Ол кезде кәдімгі дәптерге жазу жайлы ешқандай сөз болмайтын. 40 жылдардың ортасында елімізде жалпылай жеті жылдық мектеп ашу міндеттелді. Сол кезде 1945жылы бесінші сынып ашылды. Мектеп директоры Ұлы Отан соғысына қатысушы Галимский болды. 1946жылы жазда көпшіліктің күшімен жаңа ғимарат салынды. Ғимарат әйелдердің белсенділігі мен балалардың көмегінің арқасында салынып бітті. 1950 жылы бірінші түлектер мектепті бітірді. Әрбір түлек өз жолдарымен кетті, бірақ та көбісі туған ауылына қызмет ету мақсатында қалып қойды. Леонидовка жеті жылдық мектебі 13 рет жас түлектерді шығарды.
1961 жылы мектептің жаңа ғимараты салынды. 1963 жылы мектеп сегізжылдық мектеп болып қайта құрылды.
1971 жылы мектеп орта мектеп статусын алды.
1988 жылы жабдықталған кабинеттермен, жаңа құрылғылармен жасақталған заманауи мектеп салынды.